НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минстрлігімен халықты әлеуметтік қорғау саласын реттейтін заңнамалық актілерді жүйелендіріп, біріктіріп Әлеуметтік кодексінің (Әлеуметтік қамсыздандыру Кодексі) тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.