Қаншайымның қалаға келгеніне алты ай. Баласын ауылдағы шешесінің қолына қалдырып жұмысқа кірді. Шешесі алпыстан асқан ақ шашты жасында мінезі адуынды болған сөзшең адам.
— Ертелі-кеш арқамызға таңып колхоздың қара жұмысын істеп жүріп ешкімге қақтырмай өсіріп едік. Қартайғанда өзімізді бағып-қағып қолымызды жылы суға сала ма десек, енді балаңды бақтыруға айналдыңдар ма, — деп сөйлеп қалғанмен қызының көңіл-күйін аналық жүрегімен түсініп, бізде қанша қауқар қалды, күніміз енді сендерге қарауға таяды дегенге келтіріп орынды өкпе айтқан.
Аяғын апыл-тапыл басып жүре бастаған Алтай жылау дегенді білмей мазалы болумен қоса тәтті қылықтары күн сайын молайып өсіп келеді. Әкесіне ұқсаған қаралығы болмаса жүріс-тұрысы, бет-әлпеті аумаған тура...