Н.Назарбаев: Қолда бар қаражатты пайдалану тиімділігін арттыру барлық деңгейдегі әкімдердің міндеті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында облыстық мәслихаттың сессиясына қатысты, оның барысында депутаттар облыстың жаңа әкімі - Бейбіт Атамқұловтың кандидатурасын бір ауыздан мақұлдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.