Абайдың шығармаларының қазіргі қоғамға әсері туралы
Ажгожина Маржан Даутбекқызы
Семей қаласындағы №16 жалпы орта
білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Осы орайда Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы халқымызға үлкен серпін беріп отыр. Мақала әсіресе, білім саласымен, жалпы ұрпақ тәрбиесімен тікелей байланысты екендігі қуантады. «Жаһандану дәуірінде кез келген дүниені Абайдың даналығымен байланыстыру керектігі және әр қазақтың үйінде домбыра болу керек десек, әр отбасының төрінде Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" кітабы мен Абайдың қара сөздері тұруы керек»- дейді мемлекет басшысы.
Демек, қазақтың ұлттық өнері мен ұлттық...