Түркияда бұрын ел территориясында болмаған азиялық жолбарыс маса пайда болды, - деп хабарлайды НТВ арнасы HabberTurk газетіне сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, азиялық жолбарыс маса жаңа мекенге оңай бейімделеді. Қазірдің өзінде Ыстамбұлдың бірнеше ауданында қауіпті жәндіктің үлкен ошақтары пайда болды.
"Масаның бұл түрі күні бойы , әсіресе адам далада жүргенде шабуылдайды. Ол басқа масаларға қарағанда қатты агрессия көрсетеді", - деп түсіндірді Ыстамбұл университетінің доценті Керем Этера.
Ғалымның айтуынша, бұл маса түрлі ауруды, оның ішінде Зика вирусы мен сары безгекті тасымалдайды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!