НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – БҰҰ-ның терең тарихы белсенді ұжымдық күш-жігердің арқасында кең ауқымды мәселелерді талқыға салу кезеңі болды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясы аясында БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі кездесудегі бейнеүндеуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.