БАКУ. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік биліктің қысылтаяң жағдайлардағы оңтайлылығын, коронавирус қарсы тұру қабілетін бағалауға мүмкіндік беретін ой-пікірлер көрініс тапты. Індеттің кері әсерін азайтуға мүмкіндік берген шаралар Қазақстан билігі үшін тұрғындардың денсаулығын қорғау, әлеуметтік тонусты қолдау бірінші орында тұратындығын көрсетті. Бұл пікірді Баку халықаралық мультикультурализм орталығының аға кеңесшісі, беделді әзербайжандық сарапшы Тофик Аббасов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.