Бұл келгенде тойдың бірінші бөлімі аяқталып, жұрт тыныс алуға шыққан екен. Үлкендер жағы дөңгелете қойылған орындықтарға жайғасып, кәдімгі концерт көргендей-ақ ортадағы би қызығын тамашалап мәз-мәйрам. Құйқылжыған «Лезгинканың» әуені құлаққа естілісімен-ақ Ханшайым бірден түсіне қойды: қашанғыдай ұлттар биінен жарыс ұйымдастырылып жатқан сияқты. Асаба өңеші жыртылғанша айқайлап, билеушілердің делебесін қоздырып қояды. Ал билеушілер мұндай «қыздыртуды» керек етіп те жатқан жоқ. Әйелдер бар өнерлерін салып, су бетінде жылжыған аққудай сырғып, аяқтарының ұшымен жорғаласа, еркектер өздерінше тау ұлдарының образына кіріп, иықтарын қомдап, оларды шыр-көбелек айналып жүр.
Ханшайым күлімсіреп, билеп жүргендерді көзбен шолып, өте берген... Кенет түкпір жақта өзін дөңгелене жорғалаған серігінен көз алмай, кеудесін...