Германия елінен гуманитарлық көмек келді. «Vogt Medical» компаниясы ауруханаларға қажетті медициналық құрал-жабдық жіберген. Ширек ғасыр бұрын ашылған ірі кәсіпорынның негізін қалаушы – Михаел Фогт Оңтүстік Қазақстанда туып-өскен. Туған жерге бүйрегі бұрған кәсіпкер қысылтаяң кезеңде көмегін ұсынды. 1991 жылы ашылған компания 2005 жылдан бастап, Қазақстанмен әріптестік орнатқан. Жалпы, кәсіпорын Америкадан бастап, әлемнің 70 еліне өнімін жеткізеді.
МИХАЕЛ ФОГТ «VOGT MEDICAL» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
«Қазіргі таңда Қазақстанға біз шығаратын өнімдер өте қажет. Сондықтан, маған осындай ой келді. Денсаулықсақтау министрлігі мен Германияның Франкфурт қаласындағы бас консулдықтың көмегімен осы жүкті жіберіп отырмыз. Шамамен 80 текше метр көлемінде медициналық жабдықтар бар. Өзім Қазақстанда туғандықтан, ол...