НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы мемлекеттік органдардың ашық бюджет интерактивті картасы бар. Онда органдардың бюджеті туралы ашық мәлімет тұруы тиіс. Дегенмен кейбір мемлекеттік органдар мен басқармалар аталған мәліметтерді әлі күнге дейін көрсетпеген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Жазира Жылқышиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.