АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов Алматыға жұмыс сапарымен келді. Ол қаладағы шектеу шараларын кезең-кезеңмен алып тастау жоспарымен және індеттің екінші толқынына қарсы жасалып жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.