Полиция Сәтбаевтағы тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікпен 16 тұрғынды қамауға алып, екі тұрғын іздеу жарияланды. Бұл туралы қала прокуроры Төлеубек Рымбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, 16 тұрғын 24 шілде күні қалада тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Екі тұрғын іздеуге жарияланған. Полиция тәртіпсіздік ұйымдастырғандарды бейне-бақылау камераларының көмегімен тапқан.
Сәтбаевтағы бұзақылық: 15 адам ұсталды
"24 шілде күні түнде тәртіпсіздік, біреудің мүлкін әдейі бұзу, полиция қызметкерлеріне дене жарақатын келтіру фактілері болғаны анықталды. Барлық факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Қазіргі таңда 16 адам қамауға алынды. 2 адам іздеуге жарияланды", - деді Сәтбаев қаласының прокуроры Төлеубек Рымбаев.
Сәтбаевтағы тәртіпсіздік: полиция күдіктіні құтқару үшін не істегенін айтты
Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыздың жоғалғаны, тұрғындар күдіктіні өздері жазаламақшы болғаны әрі бірнеше көліктің өртенгені хабарланған еді.
Сондай-ақ, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтбаевтағы тәртіпсіздіктерге байланысты бірнеше қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеген болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!