ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Францияда барлық жабық қоғамдық орындарда, оның ішінде вокзалда, әуежайда, банктер мен поштада, дүкендер мен шіркеулерде маска тағу міндеттелді. Тәртіп бұзушыларға 135 еуро айыппұл салынады , деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.