Маңғыстау – табиғаты әр алуан, шөлді өлкеге тән аптапты ыстық жазы, солтүстікке тән қатаң аязды, өткір желді қысы бар, сусылдап аққан құмы мен сылдырлап аққан бұлағы қатар кездесетін таңғажайып өлке.
Маңғыстауда киелі деп саналатын жерлер өте көп. 11 мың тарихи ескерткіш мемлекеттің қорғауына алынған. Оның ішіне археологиялық қорық, ашық аспан астындағы мұражайлар, халық киелі санайтын мешіттер кіреді. Бірақ, Маңғыстау мен оған жапсарлас жатқан аймақтардағы қасиетті саналатын жерлер, орындар, нысандар санын ешкім дөп басып айтып бере алмайды. Бәріміз білетін Бекет атаның Оғланды, Бейнеу, Жем бойындағы, Баялыдағы жер асты мешіттері, Шопан атаның жер асты мешіті, Сисем ата қорымы туралы ақпараттар көп кездеседі. Ал,...