Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 23 тамызда Семей облысының Шыңғыс таулары баурайында дүниеге келген. Әкесі Құнанбай заманының озық биі, Қарқаралы уезінің аға сұлтаны болған, анасы Ұлжан орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы, ел арасына ақылдылығымен, шешендігімен танылған.
Абайдан зор үміт күткен әкесі Құнанбай оны Семейдегі Ахмет-Риза медресесіне 3 жылға оқуға жібереді. Соңғы оқу жылдары үш айдай “Приходская школада” орысша оқып алады. Оқып жүрген Абайды әкесі ел ісіне араласуға қасына шақырып алады. Осылай жүріп, ел жайын, халық жайын аңғарады.
Құнанбайдың және оның айналасындағы атқамінерлердің ел ішіндегі озбырлық қылықтарына жиіркене қарайды. Әкесіне қарсы...