НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Онлайн-форматта өтіп жатқан «Astana Finance Days» конференциясының екінші және үшінші күндері сарапшылар COVID-19 пандемиясы жағдайындағы қаржы технологиялары, әлемдік экономика жағдайы, қаржылық реттеу және коммерциялық құқық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Қазақстанның экономикалық болашағы және капитал нарығындағы үрдістер бойынша конференциялар, АХҚО құқық академиясы ұйымдастырған білім беру мәселелері бойынша панельдік сессиялар, АХҚО-ға қатысушы компаниялар форумы, посткеңестік елдердегі шағын және орта бизнестің тұрақты дамуын қолдау туралы вебинарлар өтті, деп хабарлайды primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.