НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 25 маусым күні Қазақстан аумағының оңтүстік бөлігі жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болады. Соған орай, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың тек солтүстік бөлігі Солтүстік циклонның және сонымен байланысты фронталды бөліктердің ықпалында болатындықтан жаңбыр, найзағай, бұршақ болжанады. Жекелеген өңірлерде екпінді жел тұрады, солтүстікте дауыл болуы ықтимал.