Қаржы министрлігі жылжымалы мүліктерді жария етуді мемлекеттік кірістер органына декларациялау арқылы өткізуді ұсынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржы министрлігі жылжымалы мүліктерді жария етуді мемлекеттік кірістер органына декларациялау арқылы өткізуді ұсынады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі ақшалай қаражат пен мүлікті заңдастыруды жеңілдету тақырыбындағы брифинг барысында Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев мәлім етті.