Жария ету мен заңдастыру акциясын 2016 жылдың желтоқсанына дейін ұзарту ұсынылады - Қаржы министрлігі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржы министрлігі ақшалай қаражат пен мүліктерді жария ету акциясын 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартуды ұсынады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі ақшалай қаражат пен мүлікті заңдастыруды жеңілдету тақырыбындағы брифинг барысында Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев мәлім етті.