Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінде 207 бос қызмет орны ашылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының төтенше жағдайлар депаратменті 207 бос қызмет орнына байқау жариялайтындығын мәлімдеді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, өртке қарсы қызмет полковнигі Ерлан Нүрпейісов мәлімдеді.