Астанада бозбала абайсызда өз қолын атып алған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түнгі сағат 02.00 шамасында үйінде байқаусызда өз алақанын жаралап алған 1997 жылғы Г. есімді азамат ауруханаға жеткізіліп, медициналық жәрдемнен кейін кері қайтарылды. Оқиға орнынан «Оса Лазер» маркалы травматикалық тапанша тәркіленді.