Маңғыстау облысында ирандық тауар өндірушілердің кәсіптік көрмесі өз жұмысын бастады (ФОТО)
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Иран Ислам Республикасының Мазандаран, Гүлістан, Тегеран, Табриз, Хорасан Разави аймақтарынан және Мешхед қаласынан келген тауар өндіруші компаниялар төрт күнге созылатын көрмеде мұнай-газ өнеркәсібі мен мұнай-химия зауыты, автокөлік өнеркәсібі бағытындағы тауарларды, құрылыс материалдары мен инженерлік-технологиялық қызметтерді, ауылшаруашылығы көліктері мен құрылғыларын, сонымен бірге тамақ өнімдері мен кір жуғыш ұнтақтарын ұсынбақ.