Астана халқының саны артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы халқының саны ағымдағы есеп бойынша 2015 жылғы 1 маусымға 861968 адамды, соның ішінде «Алматы» ауданы бойынша - 380856 (44,2%), «Есіл» ауданы бойынша - 131449 (15,2%), «Сарыарқа» ауданы бойынша 349663 (40,6%) адамды құрады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.