Қазақы асыл тұқымды ірі қара сатылатын «KARASU Farm-2015» аукционы тамыз айында өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 12 тамызында «Қарасу» сауда-өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС қазақы ақбас және әулиекөл тұқымдас асыл тұқымды ірі қара мал сату мақсатында кезекті «KARASU Farm-2015» аукционын өткізеді. Аукцион Қостанай облысының Қарасу ауданына қарасты Восток кентінде ұйымдастырылады. Бұл туралы «Казагромаркетинг» АҚ баспасөз қызметінен хабарланды.