Мәжіліс депутаты «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалында азаматтарды қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңірлерге жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі Құралай Қарекен партияның Ақтөбе облыстық филиалында тұрғындарды қабылдады. Халық қалаулысының қабылдауында мұңын шағып, арыз-шағымын айтып келгендер көп болды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметінен хабарланды.