НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 5 маусымда Қазақстан өңірлерінде құбылмалы күн райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда дауыл, бұршақ болжанады. Еліміздің тек оңтүстігі мен солтүстігі әлі де жоғары атмосфералық қысым аймағында болғандықтан, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кейбір өңірлерде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.