НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытай 5G саласында көш бастап тұр, дегенмен әзірге АҚШ-тың бірнеше салада басымдығы бар. Геосаяси үстемдік технологиялардағы прогреске байланысты болып тұрған қазіргі заманда АҚШ алда келе жатыр. Америкалық компаниялар әлемдегі ең жылдам компьютерлерді жасайды, ең қабілетті роботтарды шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Wall Street Journal сілтеме жасап.