Омбы облысында әскери казарманың құлауына байланысты сейсенбі қаралы күн деп жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 шілде РФ Омбы облысында казарманың опырылып түсуі салдарынан 23 әскери қызметшінің қаза болуына байланысты қаралы күн деп жарияланды. Бұндай шешімді облыс басшысы Виктор Назаров шығарды, деп хабарлайды omskinform.ru облыс билігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.