ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи - мәдени қорық-музейінің маңызды объектісі - Күлтөбе қалашығында археологиялық қазба жұмыстары басталды. Биыл тарихи орынды зерттеу, қайта қалпына келтіру жұмыстарына ерікті жастар да атсалысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.