Әлем ақпарат құралдары Қазақстанда желтоқсанның 27-сі күні болған ұшақ апатының жай-жапсарын талқылап, оның ықтимал себептеріне үңілген. Сарапшылардың айтуынша, ұшақтың ескілігі онда ақау болуы мүмкін дегенді білдірмейді. Тергеу ұшақ күтімі, ауа райының қолайсыздығы, ұшқыштардың қателігі сияқты нұсқаларды қарастыруы керек. Ал Bloomberg агенттігінің коммунизм “күлінен” өсіп шыққан миллиардерлер тізіміне Қазақстаннан Құлыбаевтар әулеті енген.