Қазақстан парламентінің сенаты "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын мақұлдап, президентке қол қоюға жіберді. Ұстаздар кей ұсынысы заң жобасына енбей қалғанына қапалы. Билік бұл заң мұғалім мәртебесін көтеріп, мектептегі негізгі міндетінен тыс жұмысқа жегуге тосқауыл қояды деп сенеді.