...Бір бай болыпты. Ол кедейленеді. Күндердің күнінде өледі. Артында азын-аулақ мүлкі, бір ұлы және бір түйесі қалыпты. Сол түйе боталайды. Әлгі ұл ботаны сатамын деп жетелеп жүреді. Сөйтіп жүргенде бір байдың қызы есігінің алдына шығып:
— Әй, жігітім, андағы ботаңды сатасың ба? — дейді.
— Сатам, — дейді жігіт.
Сөйтіп, қыз ботаны сатып алып, жеті жасқа келгенше асырап бағады. Тіл үйретеді, адамның тілін білдіреді. Қыз білгіш екен. Түйенің өсе келе қасиетті болатынын алдын ала байқайды. Түйе өте зор, алып атан болған екен. Оны ел «түйенің пілі», ал қыз «Ерке атан» деп кетеді.
Енді қызға біреу дарияның ар жағынан келіп құда...