Баяғыда кемпір мен шал мал бағыпты. Тоғыз ұлы бірінен соң бірі ес біле бастағанда шетіней береді екен. Оныншы ұлы дүниеге келгенде, шілдехананың үстіне құдайы қонақ келіп қоныпты. Қонақ кетерінде:
— Сіздің балаларыңыздың иесі алып қара құс. Сол иесіне жетпей, тіл-көзден өледі екен. Бұл ауылдан жыраққа кетіңдер. Ұлыңыз ер жеткен соң ораласыздар, — дейді.
Кеткен соң «қонақ — қыдыр, айтқаны жөн болар» деп кемпір мен шал бір түнде көшіп, бір тоғайдың шетіне барып үйлерін тігіп, сонда өмір сүре бастайды. Бала үш-төрт жасқа келеді.
Күндердің күнінде шал аңға шығып, жебесіне еш нәрсе ілінбей арып-ашып қайтып келе жатса, аспаннан бір алып қара құс...