«Астана» франциялық «Ренн» командасынан жеңіліп, Еуропа лигасымен қош айтысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Еуропа лигасының топтық кезеңі мәресіне жетті. Еуропа лигасында K тобында сынға түскен елордалық «Астана» сырт алаңда Францияның «Ренн» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.