Қалада білім алған ауыл жастарының 40 пайызы ғана ауылына оралады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі күні ауыл жастарының небары 40 пайызы өз ауылына оралып, қызметке орналасады. Ал қалған 60 пайызы қалаларда қалып қояды. Бұл туралы бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өткен «Экономиканың нақты секторы үшін мамандар дайындаудағы Университет пен жұмыс берушілердің серіктестігі» тақырыбындағы республикалық форумда айтылды.