Астана банкіне 28 - қыркүйекке дейін жекелеген азаматтармен келісім жасауға тыйым салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана банкі өтімділікті қамтамасыз етумен байланысты қиындықтарды бастан өткеруде. Бұл туралы өзінің Фейсбуктегі парақшасында ҚР Ұлттық банкінің Қаржы қызметтерін тұтыну құқықтарын қорғау мен сыртқы коммуникациялар жөніндегі басқармасының жетекшісі Александр Терентьев жазды деп хабарлайды ҚазАқпарат.