Қазақстан елшісі Түрікменстан Президентіне сенім грамотасын табыстады
АШХАБАД. ҚазАқпарат - 1 тамыз күні Оғузхан сарайында Қазақстанның Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі Жандос Асанов Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.