Атышулы Әліби Жұмағұлов ісі: Бизнесмен Жамалиев бостандыққа шықты
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотталған бизнесмен Қайрат Жамалиев айыппұл төлеп, түрмеден босап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.