Қытайдағы Циндаода өтетін ШЫҰ саммитіне 20 мың ерікті көмектеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы маусымда Қытайдың шығысындағы Циндао қаласында болатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына 20 мыңға жуық ерікті көмектеседі. Олар бүгін, 13 мамырда жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.