V Азия ойындары: Қазақстан жалпы есепте - бесінші орында
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтіп жатқан V Азия ойындарының алтыншы жарыс күні аяқталды. Бүгін Қазақстан қоржыны 7 медальмен толықты, оның екеуі - алтын, төртеуі - күміс және біреуі - қола, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.