ОҚО-да 400-ге жуық көшеге атау беріледі
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өңірде «Көше атауларының маңыздылығы» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Жиынға облыстық ономастика комиссиясының мүшелері мен ғалымдар, аудандық, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен ономастикаға жауапты мамандар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.