Заң жобасы: Қоғамдық орындарда тұмшаланған киім киюге шектеу қойылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде вице-министр Берік Арынның төрағалығымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.