Қазақстанның белгілі боксшылары Ұлттық олимпиада комитетінің медальдарымен марапатталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық олимпиада комитеті «ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен 19 адамды - белгілі боксшыларды, Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) бапкерлерін, басшыларын марапаттады. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметінен хабарлады.