Пьер Карден Астанада сән киімдерінің коллекциясын өткізеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның аты аңызға айналған модельері, дизайнер әрі сәулетші Пьер Карден қыркүйек айының 1-3 аралығында Астанада соңғы киімдерінің коллекциясын өткізеді. Модельер сонымен бірге, астаналықтар үшін «Dorian Gray» (Аяусыз сұлулық) операсын қоюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.