Дүйсенбіде Қазақстанның көп бөлігінде жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 тамызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, желдің күшеюі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, түнде және таңертең тұман, республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл болады, деп хабарлайды Қазгидромет.