Біртанов реформасы: Науқастарды «жасанды интеллект» емдейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы екі-үш жылдың ішінде ауруханадағы ұзын-сонар кезектер мәселесі толығымен шешілуі әбден мүмкін. Адамдар дәрігерге сабылмаса да болады. Себебі әрбір пациенттің электронды денсаулық паспорты мен жеке кабинеті арқылы дәрігерлер бәрін бақылауда ұстап отырады. Бұл ретте Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онкологиялық ауруларды бақылайтын «жасанды интеллект» жүйесін де енгізуге мүдделі. Алайда осының бәрін іске қосу оңай шаруа емес, бұл үшін біраз кешенді шараларды атқару қажет.