Екі ай бұрын Тараздан шыққан керуен елордаға жақындап қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 шілде күні «Хан Шатыр» ойын сауық орталығының «Ғашықтар саябағында» елордалықтар «Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» керуенін қарсы алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев мәлім етті.