Қолжетімді баспаналар сапалы салынуы тиіс - Бауыржан Байбек
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек 2017-2024 жылдары сүрілуі тиіс ескі үйлерге қатысты жасалған жаңа бағдарлама аясында қала аумағындағы 1 034 ескі құрылысты қайта жаңарту бойынша көшпелі кеңес өткізді. Қала басшысы жұмыс сапары барысында Жандосов көшесі бойындағы, Сүлейменов көшесі мен Щепкин көшесінің ортасына «Ескі үйлерді сүру» бағдарламасы бойынша салынған үйдің сапасын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.