Ұлттық қауіпсіздікті айта бермей, туризмді дамытуды да ойлайық - Арыстанбек Мұxамедиұлы
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының айтуынша, бүгінде елімізде шет ел азаматтары үшін визаны электронды түрде алу жүйесін енгізу мәселесі талқыланып жатыр. Себебі туристердің көбісі Қазақстанға келгісі келеді. Алайда виза алу кезінде сан алуан қиыншылықтарға тап болатыны жайында жиі айтады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.