Әйгілі суретші Сальвадор Далидің мүрдесі эксгумацияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі испандық суретші Сальвадор Далидің (1904-1989) сүйегі Испанияның Фигерас қаласында бейсенбі күні кешке эксгумацияланды. Оған негіз - Сальвадор Далиді өзінің әкесі екендігін айтып отырған әйелдің талабы. Бұл туралы Reuters хабарлады.